Төтенше жағдай министрлігі 120 миллион теңгенің көлігімен қайда баратындарын айтты

Қаңтар 14, 2026 - 10:58
Қаңтар 14, 2026 - 11:00
 0  53
Төтенше жағдай министрлігі 120 миллион теңгенің көлігімен қайда баратындарын айтты
Фото: видеодан скрин

Төтенше жағдайлар министрлігі ведомствоның символикасы бар Tesla Cybertruck көлігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Әлеуметтік желіде Алматы көшелерінде Tesla Cybertruck маркалы көліктің сыртында Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің белгісі бар ерекше маркалы автокөлік байқалған еді. Желі қолданушылары ведомствоға қымбат автокөліктің не себепті керек болғанын біле алмай әлек болды.

Министрлік ұзақ уақыт бойы жауап бермеген еді. Кейін Tengrinews.kz порталына берген жауабында материалдық-техникалық базаны кезең-кезеңімен жаңартып, “заманауи құтқару техникасының үлгілерін” зерттеп жатқанын айтқан.

“Материалдық-техникалық жабдықтау аясында ТЖМ бөлімшелері үшін заманауи құтқару техникасы мен жабдықтарын енгізу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Көлікті ең алдымен Алматының таулы аймақтарында және оған іргелес жерлерде қолдану жоспарланып отыр. Өйткені ең көп шақыртулар осы аймақтарда тіркеледі. Бұл тікелей жауынгерлік дайындыққа және жедел әрекет ету жылдамдығына әсер етеді. Әсіресе, әр минутың маңызды болған сәттерде шешуші рөл атқарды”, – деп жауап берді министрлік.

Ведомствоның хабарлауынша, мұндай техника таулы жерлерде құтқару жұмыстарының тиімділігін арттырады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтері бойынша, бұл көлікті мынадай мақсаттарға қолдануға болады:

  • Құтқару бөлімшелерін жедел жеткізу;
    Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға әрекет ету;
    Апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу;

Зардап шеккендерді эвакуациялау, соның ішінде шұғыл медициналық көмек қажет туристерді тасымалдау.
Министрлік дәл осы Алматының таулы аудандары құтқарушылар үшін жүктемесі жоғары аймақ екенін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0