«Тұрар Ыдырыс өмірден өтті»: Оқиғаның анығы айтылды
Әлеуметтік желіде жастар арасында танымал әнші Тұрар Ыдырыстың қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.
2RAR атымен танылған әнші желідегі ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.
"TikTok желісінде жарияланған жазбада "Тұрар Ыдырыстан айырылып қалдық. Әнші Тұрар 27 жасында қайтыс болды. Иманды болсын, жаны жәннатта болсын", - делінген.
Әнші жазбаны көрген бойда пікір қалдырыпты.
"Мен 96 жылғымын ғой. Жалған ақпарат" , - деп жазды ол.
Әншінің тыңдармандары желідегі жазбадан кейін алаңдаушылық танытып, хат жазып, хабарласқандар көбейіп кетіпті.
Ал Тұрар Ыдырыс қазір үлкен гастрольдік турнеде жүргенін айтып әлеуметтік желідегі парақшасында түсініктеме берді.
"Оған уақытым болмай жатыр. 1 күннен кейін Өскеменде концерт", - деп қысқа қайырды ол.
Әншінің өлімі туралы ақпаратты кім, қандай мақсатпен таратқаны әзірге белгісіз.
Сіздің реакцияңыз қандай?