Ұлдана Мырзуан ісі: адвокат судьяға қарсылық білдірген

Тамыз 20, 2026 - 12:16
chat_bubble  0 visibility  3
Ұлдана Мырзуан ісі: адвокат судьяға қарсылық білдірген
Фото: видеодан скрин

Елорда сотында қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты екінші отырыс өтіп жатыр, деп жазады Sadaq.kz.

ҚР ҚК-нің 254-бабы 1-бөлігі («Міндеттеріне адал қарамау») бойынша айыпталып отырған С. Жұбаниязованың адвокаты А. Алимов судья М. Абаеваға ресми түрде қарсылық (отвод) білдірді.

Қарсылық білдіруге судьяның қорғаушы тарапқа іс материалдарымен танысу үшін уақыт бермей, сот отырысын кейінге қалдыру туралы өтінішті қанағаттандырмауы себеп болған.

Артынша Астанада қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты істе басты судья өзгермейтін болды. Сот процесін бұрыннан жүргізіп келе жатқан судья Меруерт Абаева одан әрі жалғастырады. 

Сотталушы Сәуле Жұбаниязованың қорғаушысы Асхат Алимов судья Меруерт Абаеваға қарсылық білдіріп, оны істен шеттетуді сұраған еді.

Өтінішті қараған Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы Самат Сембаев қарсылықты қанағаттандырусыз қалдырды.

Адвокаттың судьяны ауыстыруға келтірген уәждері жеткіліксіз әрі негізсіз деп танылды.

Қайғылы оқиға хроникасы
* 2025 жылғы 8 қараша: Елордадағы тоғыз қабатты тұрғын үйдің сыртқы қаптамасы құлап, зардап шеккендерге алғашқы болып көмекке жеткен жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның басына кондиционер блогы үзіліп түсті.
* 2025 жылғы 18 қараша: Ауыр жарақат алған жас маман жансақтау бөлімінде 10 күн бойы арпалысқанымен, көз жұмды.
* Ерлікке тағзым: Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ұлдана Мырзуан қаза тапқаннан кейін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0