«Зеленскийдің өзінде мұндай тыйым жоқ шығар»: Нұрлан Сабыров алғаш рет үн қатты

Ақпан 26, 2026 - 10:45
Ақпан 26, 2026 - 10:49
 0  22
«Зеленскийдің өзінде мұндай тыйым жоқ шығар»: Нұрлан Сабыров алғаш рет үн қатты
Фото: видеодан скрин

Танымал әзілкеш Нүрлан Сабыровтың Ресейге кіруге тыйым салынғаннан кейінгі алғашқы концерті Пхукетте өтіп жатыр. Бұл туралы Ресейлік журналист Ксения Собчак өзінің телеграм каналында жазды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Журналистің жазуынша, түсірілім жасауға тыйым салынған. Бүкіл стендапты басынан-аяқ айтып бермеймін, ешкімге зиян келтіргім келмейді, тек бірнеше қауіпсіз сәттерін атап өтейін, деп жазған ол. 

Әзілкеш өз концертінде Ксения Собчак туралы да айтқан, жылы сөзбен, бірақ әжуа араластырған.

"Қорғағаны үшін Собчакқа респект, бірақ шынымды айтсам: қажет емес, әйтпесе 500 жылға кіруге тыйым салып тастайды, концерттерді Сатурнның бесінші сақинасында өткізуге тура келеді", -  деп Сабыровтың әзілін келтірген.

Журналист, кез келген адамға жасалған әділетсіздікке қатысты оның ұстанымыма әлгі адамның оған деген көзқарасына еш әсер етпейтінін атап өтті.

Тағы бір әзілі: "Меніңше, көп адам концертке келген шығар, бірақ көбі “қылмыскерді” көруге келген сияқты. Тіпті Зеленскийдің өзінде мұндай тыйым жоқ шығар. 50 жыл. Мен не, Дракуламын ба?", - деген Сабыров.

Сондай-ақ ол енді стендаптары соншалықты “патриоттық” болатынын айтты, тіпті жұрт “Владимир Соловьев иноагент емес пе өзі?” деп ойлап қалады деді.

Әуежайдағы ұсталу сәті туралы да аздап айтып өтті — оның сөзінше, әр екінші полиция қызметкері келіп, онымен суретке түскен.

"Қысқасы, еңсесін түсірмегені қуантады", - деп жазды Ксения Собчак.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0