Жамбыл облысында арнайы жасақ инспекторы өзіне оқ атқан

Мамыр 29, 2026 - 11:13
chat_bubble  0 visibility  0
Жамбыл облысында арнайы жасақ инспекторы өзіне оқ атқан
Фото: istockphoto.com

Қордай аудандық полиция бөлімінде жедел әрекет ету арнайы жасағының казарма дәлізінде 1995 жылы туған арнайы жасақ инспекторы өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

HALYQSTAN Telegram арнасының мәліметінше, лейтенант қызметтік қарудан, болжам бойынша SIG Sauer тапаншасынан, самай тұсына оқ атқан. Оқиға орнына келген дәрігерлер оны ауыр хәлде аудандық орталық ауруханаға шұғыл жеткізді.

Өкінішке қарай, кешке ол есін жимастан жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Полицейдің мұндай қадамға не себепті барғаны әзірге белгісіз. Қылмыстық істің “Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша қозғалғанын анықталды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0