Жамбыл тұрғыны некеге тұрғанын 34 жылдан соң бір-ақ білген

Қаңтар 14, 2026 - 14:39
 0  3
Жамбыл тұрғыны некеге тұрғанын 34 жылдан соң бір-ақ білген
Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысының тұрғыны некені жарамсыз деп тану үшін сотқа жүгінді. Ол талап арызында 1991 жылы жауапкермен отбасын құру ниетімен бірге тұрғанын, алайда төрт айдан кейін екеуі айырылысқанын көрсеткен.

"Тараптар некені тіркеу үшін АХАТ (РАГС) органдарына жүгінбеген, ешқандай құжаттарға қол қоймаған және неке туралы куәлік алмаған", - деп жазылған Жоғары соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

2025 жылы ер адам банк қосымшасындағы "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінен 1991 жылы өз атына неке тіркелгені туралы ақпаратты білген.

Құжаттарды қолдан жасау белгілері бойынша басталған сотқа дейінгі тергеу құқықбұзушылық 1991 жылға қатысты болғандықтан ескіру мерзімінің өтуіне байланысты тоқтатылған.

"Іс материалдарын зерттеу барысында азаматтық хал актілерін тіркеу кітабында шынымен де неке тіркелгені туралы жазба бар екені анықталған, алайда ондағы қолтаңбалар талап қоюшы мен жауапкерге емес, үшінші тұлғаға тиесілі болған", - делінген хабарламада.

1991 жылға арналған азаматтық хал актілерін тіркеу кітабы сақтау мерзімінің аяқталуына байланысты жойылған. Сот отырысында талап қоюшының жақын досы әрі көршісі неке тіркеу кезінде қатыспағанын және акт жазбасына қол қоймағанын мәлімдеді. Іске үшінші тұлға ретінде тартылған АХАТ органының өкілі сот отырысына келмеді.

"Сот 1991 жылы некені тіркеу заң талаптарын бұза отырып жүргізілген деген қорытындыға келді, өйткені тараптар некені рәсімдеу кезінде қатыспаған, ал бұға заң рұқсат бермейді", - дейді мамандар.

Сонымен қатар, 1994 жылы жауапкер басқа адаммен заңды некеге тұрған, ал талап қоюшы 2001 жылы басқа әйелмен некесін тіркегені, балалары бары анықталған.

Сондай-ақ, 1991 жылы "неке қиылғаннан" кейін тараптардың отбасылық қатынаста болғаны дәлелденбеген. Сот 1991 жылғы акт жазбасында көрсетілген некені жарамсыз деп таныды. Шешім заңды күшіне енді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0