«Жартыбас» деп жиі айтады»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі күйеуінің сырт келбетін сынағандарды орнына қойды
Ол адамды денсаулығына немесе сырт келбетіне қарап мазақ етуге ешкімнің құқығы жоқ екенін айтты.
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы әлеуметтік желіде күйеуінің сырт келбетін сынап, оны кемсітетін пікір жазатындарға жауап берді, деп хабарлайды sadaq.kz.
Ол адамды денсаулығына немесе сырт келбетіне қарап мазақ етуге ешкімнің құқығы жоқ екенін айтты.
«Осы «жартыбас» деген сөзді жиі жазады адамдар. Сонда қалай? Бір қолы, аяғы, көзі жоқтарды да солай «жарты қол», «жарты аяқ» деп атай аламыз ба? Бұл не деген көргенсіздік? Алла денсаулықпен сынамасын ешкімді. Өзгені кемсітіп, мазақ қылуға ешкімнің құқығы жоқ. Ешкім мүгедек, ауру немесе соқыр боламын деп ойламайды, болғысы да келмейді», – деп жазды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында.