«Жауабы түсінікті»: Бельгиялақтар асырап алған Жәнібек күтпеген мәлімдеме жасады

Кейде менен неге анамды немесе отбасымды тапқым келетінін сұрайтындар бар.

Желтоқсан 31, 2024 - 12:15
«Жауабы түсінікті»: Бельгиялақтар асырап алған Жәнібек күтпеген мәлімдеме жасады
Фото: жеке парақшасынан

Бельгиялық Жәнібек аталып кеткен Мұрат Савелиев Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды sadaq.kz.

Жәнібектің айтуынша, биыл қуантқан, мұңайтқан сәттер де болған, бірақ оны мазалайтын жалғыз сұрақ: "Анашым, қайдасың?"

"Кейде менен неге анамды немесе отбасымды тапқым келетінін сұрайтындар бар, бұл сұрақтың жауабы түсінікті деп ойлаймын. Адамға өмірді бірге сүретін анасы, әкесі, аға-інісі, қарындас-әпкесі болуы керек қой. Бөлек қалып, жылап жүрмей, бірге жүріп, мықты болған дұрыс деп ойлаймын. Мысалы, ата-анаммен, аға-қарындаспен бірге Жаңа жыл мерекесін тойласам, керемет емес пе? Менің жаңа жылдық сыйлығым - өздеріңіз, бұл сөзсіз!", - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow