Жеңіл атлетика федерациясы алтыннан қағылған Ясмина Тоқсанбаеваға қатысты мәлімдеме жасады
Жеңіл атлетика федерациясы Азия ойындарында спорттық жүрістен марафондық қашықтықта бірінші болып мәреге жеткен Ясмина Тоқсанбаеваға қатысты ресми мәлімдеме жасады. Федерация спортшының аяқ киіміне байланысты берілген наразылыққа шағым түсіргенін және оған тиесілі сыйақыны өз қаражаты есебінен толық төлейтінін хабарлады, деп жазады Sadaq.kz.
Ясмина Тоқсанбаева 42,195 шақырымды 3 сағат 22 минут 20 секундта жүріп өтіп, жарысты бірінші аяқтаған. Алайда жарыстан кейін спортшы қолданған аяқ киімге қатысты наразылық түскен.
Федерация мәліметінше, World Athletics ұйымының рұқсат етілген аяқ киімдер тізімінде ASICS бренді болғанымен, Ясмина киген аяқ киімнің нақты моделі тізімге енбеген. Сонымен қатар спортшының аяқ киімі жарыс басталмай тұрып тексеріліп, оған жарысқа қатысуға рұқсат берілген.
Қазіргі уақытта қабылданған шешімге қатысты федерация шағым жолдаған. Ұйым спортшының құқықтары мен мүддесін қорғау жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді.
«Біз үшін Ясмина – чемпион. Федерация оны қолдауды жалғастырады. Шағымымыз бен наразылығымыздың нәтижесіне қарамастан, чемпионға тиесілі барлық сыйақы федерацияның өз қаражаты есебінен толық көлемде төленеді», – делінген мәлімдемеде.
Федерация спортшылардың дайындығы мен медициналық сүйемелдеуіне жағдай жасаумен қатар, техникалық талаптардың сақталуы және халықаралық ұйымдарда олардың мүддесін қорғау да маңызды екенін атап өтті.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0