Жолшылар жас түлектеріне болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар берді

Мамыр 28, 2026 - 12:29
chat_bubble  0 visibility  6
Жолшылар жас түлектеріне болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар берді
Фото: дереккөз

Павлодар облысында жол саласының мамандары ауыл мектептерінің түлектеріне болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар беруде. «Жол активтерісапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Павлодар облыстық филиалының мамандарыаудандық және ауылдық мектептердің жоғарысынып оқушыларына арналған ауқымды кәсіптікбағдар беру кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Онлайн форматта ұйымдастырылған кездесуге 70 ауыл мектебі қамтылып, оған 300-ден астам жоғарысынып оқушысы қатысты. Атап айтқанда, Щербақты, Ертіс және Аққулы аудандарыныңтүлектері жол саласындағы сұранысқа иемамандықтар туралы толық ақпарат алды.

Кездесу барысында мамандар автожол саласындағыкадр тапшылығы, техникалық және инженерлікмамандықтардың маңыздылығы, сондай-ақҚазақстанның жоғары оқу орындарында қандайбағыттар бойынша білім алуға болатыны жөніндеайтып берді. Сонымен қатар оқушыларға мамандықтаңдаудың маңыздылығы түсіндіріліп, адамныңбүкіл еңбек жолына әсер ететін шешім екеніайтылды.

Бүгінде Қазақстанда ең сұранысқа иемамандықтардың бірі - жол маманы екені ерекшеатап өтілді. Жастарға бұл саланың тұрақты жұмыс, кәсіби өсу және ел инфрақұрылымын дамытудағырөлі түсіндірілді.

«Жолшы мамандығы - қай кезеңде де маңызынжоғалтпайтын кәсіп. Бұл сала ер азаматтарға да, қыз-келіншектерге де бірдей қолайлы. Осы мамандықты таңдаған адам ешқашан жұмыссызқалмайды», - деді филиал директоры Ақылбек Қабылдин.

Ұйымдастырушылар мұндай кәсіптік бағдар беру кездесулері жастардың болашақ мамандығынсаналы түрде таңдауына және өмірлік жолын дұрысайқындауына үлкен септігін тигізетінін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0