"Жүрегімнің ішіндегі жүрегім": Асанәлі Әшімовтің қызы сағыныш жазбасын жариялады
Желіде Асанәлі Әшімовтің қызы Сағина Әшімованың әкесіне арнаған жазбасы мен естелік суреттері тарады, деп хабарлайды sadaq.kz.
“Әкем… Жүрегімнің ішінде жүрегім. Сізді сөзбен жеткізу қиын. Сағыныш үнсіз, бірақ жүректе ауыр. Амал дәптері әрдайым ашық болсын. Алла жаныңызды жәннатқа кіргізсін, иманыңыз саламат болсын. Жатқан жеріңіз жарық, топырағыңыз торқа болсын. Біз сізді әрдайым сағынып, сүйіспеншілікпен еске аламыз… 21.12.2025”, – деп жазды қызы.
Жүректі елжіретерлік естелік суреттерді көріп, сағыныш жазбасын оқыған жұртшылық асылдың сынығына көңіл айтты.
"Сағина қызым, асқар тау әкеңнің қазасы қайырлы болсын! Жаны жай тапсын! Бір Алланың панасында болсын марқұм. Әкең – иісі қазақтың мақтанышы, майталман өнер иесі", "Асылдың сынығысыз. Адам ұрпағымен жасайды. Асанәлі ағаның ұрпақтары аман болсын!", "Осындай тұлғаның қызы болғаныңыз үшін бақыттысыз. Сізді сондай ақылды қыз етіп тәрбиелегені қуантады" ,– деп жазды желі қолданушылары.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
1
Жарайсың
0