Қасиетті Мекке мен Медине қалаларын топан су басты (ВИДЕО)
Билік ел тұрғындарына барлық ұсыныстар мен ескертулерді орындауға және ауа райы туралы жаңалықтарды мұқият қадағалауға шақырды.
Сауд Арабиясында толассыз жауған жаңбырдан кейін қасиетті Мекке, Медине мен Жидда қалаларының көшелерін су басты. Осы жағдайға байланысты аймақта қауіптің қызыл деңгейі жарияланды, деп хабарлайды sadaq.kz.
Saudi Gazette басылымының хабарлауынша, Қатты жаңбырдың әсерінен Жидда, Мекке және Медине қалаларындағы көптеген жолдар мен алаңдарды су басып, көлік қозғалысы шектелді. Сонымен қатар елдің басқа да өңірлерінде орташа не қатты жауын-шашын тіркелген. Ұлттық метеорология орталығы (NCM) Жидда қаласындағы ескерту деңгейінің қызылдан қызғылт сарыға дейін төмендегенін хабарлады.
Билік ел тұрғындарына барлық ұсыныстар мен ескертулерді орындауға және ауа райы туралы жаңалықтарды мұқият қадағалауға шақырды. Сонымен қатар су тасқыны әуе қатынасына әсер етуі мүмкін, сондықтан саяхатшылардан ұшу кестесінің жаңартуларын тексеру үшін әуе компанияларына алдын ала хабарласу сұралды.
Жидда қаласының әкімдігі табиғи апаттың салдарын жою үшін 4 мыңнан астам маман мен 1811 бірлік техника мен құрал жұмылдырылғанын хабарлады. Әкімдік тұрғындарға сақтық шараларын сақтап, электр тогы көзінен аулақ болу қажеттігін ескертті. Сауд Арабиясы билігі апат салдарын жою жұмыстарын белсенді түрде жалғастырып жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?