13 жасар жеткіншек бүлдіршіннің қолын сындырды: Зәкиева түсініктеме берді

Тамыз 28, 2025 - 14:19
13 жасар жеткіншек бүлдіршіннің қолын сындырды: Зәкиева түсініктеме берді
фото: видеодан скриншот

Алматы қаласының Әуезов ауданында 13 жасар жасөспірім екі жасар бүлдіршінді жерге алып соғып, қашып кеткен. Зардап шеккен баланың қолы сынған. Аталған оқиғаға қатысты Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева түсініктеме берді.

Оқиғаға дәлел ретінде Зарина Сапар өз парақшасында бейнебақылау камерасынан алынған жазбаны жариялады.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта балалардың ата-аналарымен байланыс орнатылған. Оларға Алматы қаласының Психологиялық қолдау орталығында көмек көрсетілуде. Зардап шеккен тарап – 2 жасар балаға медициналық көмек көрсетіліп, әрі қарай толыққанды оңалту шаралары жүргізілмек. Қазіргі таңда бала ата-анасының жанында үйде. 13 жасар жеткіншек те үйінде, ата-анасының жанында екені хабарланды, - деді Дирана Зәкиева.

Оның сөзінше, БАҚ пен әлеуметтік желі қолданушыларына жасөспірімнің фотосуреттерін ата-анасының келісімінсіз жарияламау жөнінде өтініш жасалды.

Аталған дерек Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 107-бабы 2-бөлігінің 8-тармағы бойынша (Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow