2026 жыл: Қазақстан тарихы мен мәдениетін айшықтайтын айтулы мерейтойлар

Қаңтар 13, 2026 - 16:28
 0  136
2026 жыл: Қазақстан тарихы мен мәдениетін айшықтайтын айтулы мерейтойлар

2026 жылы Қазақстан тарихы мен мәдениетінде өшпес із қалдырған мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ақын-жазушылардың, өнер мен ғылым өкілдерінің бірқатар маңызды мерейтойлары атап өтіледі. 

Бұл даталар ұлт жады мен руханиятымыздың маңызды нышаны болғандықтан, аталып өтетін мерейтойларға қысқаша шолу ұсынамыз.

Қаңтар–наурыз

  • Қайым Мұқамедханұлы – 110 жыл – абайтану ғылымының негізін қалаушы.
  • Талғат Мұсабаев – 75 жыл – Қазақстанның тұңғыш кәсіби ғарышкерлерінің бірі.
  • Мұқағали Мақатаев – 95 жыл – қазақ лирикасының биік шыңы.
  • Жамбыл Жабаев – 180 жыл – дәстүрлі поэзияны жаңа тарихи кеңістікке көтерген ұлы жырау.
  • Әлихан Бөкейхан – 160 жыл – Алаш қозғалысының көшбасшысы.

Сәуір–маусым

  • Қажымұқан Мұңайтпасұлы – 155 жыл – әлемге танылған қазақ балуаны.
  • Қабдеш Жұмаділов – 90 жыл – тарихи прозаның көрнекті өкілі.
  • Ахмет Жұбанов – 120 жыл – ұлттық музыка ғылымының негізін қалаушы.
  • Ілия Жақанов – 90 жыл, Жақсылық Үшкемпіров – 75 жыл – өнер мен спорттағы дара тұлғалар.

Шілде–қазан

  • Ермек Серкебаев – 100 жыл – қазақ операсының әлемдік деңгейдегі жұлдызы.
  • Тоқтар Әубәкіров – 80 жыл – тұңғыш қазақ ғарышкері.
  • Өзбекәлі Жәнібеков – 95 жыл – ұлттық мәдени мұраны жаңғыртқан қайраткер.
  • Абдолла Қарсақбаев – 100 жыл – қазақ киносының классигі.

2026 жылы сондай-ақ Абылай хан, Қабанбай батыр, Дина Нұрпейісова, Ыбырай Алтынсарин сынды ұлы тұлғалардың мерейтойлары және Желтоқсан оқиғасына 40 жыл, Қазақстан тәуелсіздігіне 35 жыл секілді тағдырлы тарихи даталар күтілуде.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 1
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0