21 ақпан – Халықаралық ана тілі күні: Ұлылардан қалған 5 аманат

Ақпан 21, 2026 - 11:23
 0  1
21 ақпан – Халықаралық ана тілі күні: Ұлылардан қалған 5 аманат
Фото: Unravelling.com

21 ақпан — әлем бойынша Халықаралық ана тілі күні ретінде аталып өтіледі. Бұл күн әрбір халықтың өз тіліне, мәдениеті мен рухани қазынасына деген құрметін білдіреді. Тіл — ұлттың жаны, тарихының айнасы және болашағының кепілі. Осы мерекеде Sadaq.kz ұлтымыздың ұлы тұлғаларының ана тілі туралы айтқан ең өткір де терең ойларын қайта жаңғыртамыз.

1. Ахмет Байтұрсынұлы: Ұлттың өміршеңдік формуласы

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы тілдің мемлекет пен ұлт үшін маңыздылығын ерекше атап өткен. Ол ұлттың болашағы тікелей тілге тәуелді екенін ескертеді:

«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі».

«Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағандай тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек».

2. Сұлтанмахмұт Торайғыров: Жүректің шынайы сығындысы

Ана тілінің құдіреті мен көркемдігін Сұлтанмахмұт Торайғыров жүрек лүпіліне балаған. Оның пайымдауынша, тіл — адамның бүкіл болмысы мен ішкі тебіренісінің көрінісі:

«Ана тілі – қайнаған қанның, қиналған жанның, толғанған көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дәм де, мән де болу керек».

3. Мұзафар Әлімбаев: Рухани ана сүті

Белгілі ақын Мұзафар Әлімбаев тілді ана сүтімен теңестіріп, оны бүкіл өмірімізге рухани азық болатын киелі қазына ретінде сипаттаған:

«Ана тілі – ананың құнар сүті ғой, ғұмыр бойы сен еметін. Ана тілі – халқыңның ырыс-құты ғой, игілігіне кенелетін».

4. Ғабит Мүсірепов: Намыс пен ардың таразысы

Жазушы Ғабит Мүсірепов тілге деген адалдықты намыс мәселесі ретінде көтеріп, өз тілінен безінгендерді қатаң сынаған:

«Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады».

5. Қадыр Мырза Әлі: Ұлттық ұяттың айнасы

Бұл ойды Қадыр Мырза Әлі де жалғап, әрбір азаматқа өмірлік қағида боларлық мынандай аманат қалдырды:

«Ана тілің — арың бұл, ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!»

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0