Тоқаевтың президенттігіне — 1 жыл

Қараша 20, 2023 - 09:41
Тоқаевтың президенттігіне — 1 жыл
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс президент сайлауында жеңіске жеткеніне бүгін тура бір жыл толды, деп жазады sadaqmedia

2022 жылы 20 қарашада қазақстандықтардың 69,44 пайызы сайлауға қатысып, дауыс берген. Дауыс беру нәтижесінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6 млн 456 мың 392 сайлауш, Жигули Дайрабаевқа 271 641 адам, Қарақат Әбденге  206 мың адам, Мейрам Қажыкенге 200 907 адам, Нұрлан Әуесбаевқа 176 116 адам,  Салтанат Тұрсынбековаға 168 731 адам дауыс берген болатын.

Осылайша, Қасым-Жомарт Тоқаев жеті жыл мерзімге Қазақстан Республикасының президенті болған. Ал, 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес, Тоқаев Қазақстанда бір рет президент болған адамның қайта сайлануына тыйым салған еді.

«Мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ, қайта сайлануға тыйым салынады», — деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы ережеге сай, енді Қасымомарт Тоқаев тура алты жылдан кейін президент уәкілеттілігін тапсыруы тиіс.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow