40 градус ыстық: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
"Қазгидромет" алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды sadaq.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, елдің солтүстігінде, оңтүстігінде және батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Сол себепті жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіліп отыр. Бірақ республиканың оңтүстігінде жаз аптап ыстықтан басталғалы тұр.
"Қазақстан бойынша күндіз ауа температурасы батыста +20…+25°С-қа дейін, солтүстікте, шығыста және орталықта +23…+38°С-қа дейін, ал оңтүстікте +30…+40°С-қа дейін жоғарылайды", - деп жазылған хабарламада.
30-31 мамыр күндері Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Қостанай облыстарында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі және екпінді жел күтіледі. Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы басым болады. Ел бойынша желдің күшеюі болжанады, ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы мүмкін.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0