44 градус ыстық болады: төтенше жағдай қызметі ескерту жасады

Тамыз 14, 2026 - 10:42
chat_bubble  0 visibility  2
44 градус ыстық болады: төтенше жағдай қызметі ескерту жасады
Фото: istockphoto.com

Төтенше жағдайлар министрлігі бүгін аптап ыстық болатынын ескертті. Шымкентте, Түркістан, Қызылорда облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау және Абай облыстарында ауа температурасы 40-44 °C-қа дейін көтеріледі деп болжанып отыр.

"Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Шымкент қаласында, сондай-ақ Алматы, Жетісу, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мен Абай облысының кей аудандарында өрт қаупі жоғары болады", — дейді министрлік.

Бірқатар өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ жаууы да ықтимал. Найзағай кезінде желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0