«72 рет пышақ тығар едім»: Нұрай Серікбайға қатысты пікір жазған ер адам ұсталды (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіде кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайға қатысты ауыр сипаттағы пікір жариялаған азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Марқұмның отбасының мүддесін қорғап жүрген адвокат Аянхан Омаровтың айтуынша, @dkraken9 аккаунтының иесіне қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама рәсімделген.
Енді бұл іс сотта қаралады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, құқық бұзушы кінәлі деп танылған жағдайда оған 20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.
Адвокаттың сөзінше, аталған аккаунт иесі әлеуметтік желіде Нұрай Серікбайға қатысты «72 рет пышақ тығар едім» деген пікір жариялаған.
«Оған қатысты құқыққа қайшы контент жариялағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл жағдай әлеуметтік желіде жазылған пікірлердің де заң алдында жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін көрсетеді. Сонымен қатар осы тұлғаның осыған ұқсас басқа да пікірлер қалдырғаны анықталды. Істің барысы туралы қосымша ақпарат беремін», – деді Аянхан Омаров.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0