Абай облысында 20 жастағы қызды танысы пышақтап өлтірді

Шілде 14, 2026 - 11:05
chat_bubble  0 visibility  7
Абай облысында 20 жастағы қызды танысы пышақтап өлтірді
Фото: istockphoto.com

Абай облысы Бородулиха ауылында 20 жастағы қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Мәйітті сол ауылдың тұрғыны үйінің жанынан тапқан. Оқиға 13 шілдеде сағат 06:00 шамасында болған.

"Бородулиха ауылында жергілікті тұрғын үйінің жанынан пышақ жарақаты бар қыздың денесін тапты. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер 20 жастағы тұрғынды анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді Абай облысының полиция департаменті.

Тергеудің алдын ала мәліметі бойынша күдікті мен марқұм таныс болған. Олардың арасында жанжал болған. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0