АҚШ шабуылы туралы хабардан кейін Иран әуе кеңістігін жапты
АҚШ тарапынан алдағы тәулікте әуеден соққы жасалуы мүмкін деген ақпарат тарағаннан кейін Иран билігі елдің әуе кеңістігін жабу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Sadaq.kz ақпарат агенттігі.
Flightradar24 әуе қозғалысын бақылау қызметінің X әлеуметтік желісіндегі мәліметіне сәйкес, Иран халықаралық рейстерден өзге барлық ұшуларға тыйым салатын NOTAM ескертуін жариялаған.
Қызмет дерегінше, қазіргі уақытта ел аумағында әуе қатынасы толық тоқтаған. Al Jazeera тілшісінің хабарлауынша, Иранның жоғары лауазымды өкілі көрші мемлекеттерге ескерту жасап, егер Вашингтон Иранға қарсы шабуыл жасайтын болса, аймақтағы америкалық әскери базаларға соққы берілетінін мәлімдеген.
Осы мәлімдемеден кейін АҚШ Таяу Шығыстағы бірқатар әскери базаларынан қызметкерлерінің бір бөлігін эвакуациялай бастаған.
Сонымен қатар Қатар билігі Әл-Удейд әуе базасындағы персонал санын қысқартты. Билік өкілдерінің айтуынша, бұл шешім аймақтағы шиеленістің күшеюіне байланысты қабылданған. Ұлыбритания да Қатардағы өз әуе базасындағы қызметкерлер санын азайтып жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0