Актер Дәурен Айдарқұлов үшінші рет үйленді – жұрт желіде қызу талқылауда

Қазан 28, 2025 - 11:45
Қазан 28, 2025 - 12:25
Актер Дәурен Айдарқұлов үшінші рет үйленді – жұрт желіде қызу талқылауда
Фото: Видеодан скриншот

Танымал актер Дәурен Айдарқұлов үшінші әйелін ұзатып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Желіге актердің ұзату тойында жүрген видеосы тарады. Айта кетейік, кино жұлдызы жеке парақшасында сүйіншілеген еді. 

“Мен үйлендім. Аллаға шүкір! Әйелімнің есімі – Жұлдыз", – деп жазды ол.

Актердің бұрынғы жұбайы, актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова екі жасқа бақыт тіледі. 

“Бақытты болыңдар! Сендер үшін қуаныштымын", – деп жазды актриса. 

Желі қолданушылары актердің жеке өмірін қызу талқылап жатыр. 

“Ес білгелі үйленіп жүр”, “Балалары өсіп қалғанда ұят емес пе?!”, “Біз етікті бұлай тез ауыстырмайтын шығармыз”, “Несіне мәз болады”, “Қандай сұлу қызды алып жатыр?!”, “Екі әйелді бақытты ете алмаған адам үшіншісін де қатырады деп ойламаймыз”, – деп жазды көпшілік. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow