Алматыда үшінші рет жер сілкінісі сезілді

Қыркүйек 28, 2026 - 15:29
 0  26
Алматыда үшінші рет жер сілкінісі сезілді
Фото: Sadaq.kz

Қазақстанда бір күнде үшінші жер сілкінісі сезілді.Бұл туралы Қазақстанның ұлттық деректер орталығы дерегінде көрсетілген, деп хабарлайды Sadaq.kz.

"Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 28 қыркүйекте Астана уақытымен 13:53-те үшінші жер сілкінісін тіркеген. Жер сілкінісінің магнитудасы – 4,2.

"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 254 шақырым жерде орналасқан", - деді ТЖМ өкілдері.

Жерасты дүмпуі Нарынқол ауылында – 2-3 балл, Кеген ауылында – 2 балл сезілген.

Еске салайық, алғашқы жер сілкінісі 28 қыркүйекте сағат 06:32-де болды. Ал екіншісі 09:38-де тіркелді. Жерасты дүмпуі Алматыдан 8 шақырым жерде болған.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 1
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0