«Арамызда қалсын»: Тұрсынбектің әйелі мен жас жігітпен ән жаздырды (ВИДЕО)

Маусым 18, 2025 - 12:25
«Арамызда қалсын»: Тұрсынбектің әйелі мен жас жігітпен ән жаздырды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде танымал әнші Мөлдір Мұқанның жаңа дуэті қызу талқыға түсті, деп хабарлайды sadaq.kz.

Өнер иесі өзінің Instagram парақшасында жариялаған жазбасында бұл жұмыстың жай ғана ән емес, жүрек пен шабыттың тоғысқан сәті екенін айтты:

«Арамызда қалсын бәрі… Бұл өнер. Жүрек пен шабыттың үндескен шағы. Сырт көзге жай ғана дуэт көрінгенімен, бұл мен үшін өнердің өрісі...» – деп жазды Мөлдір.

Оқырмандардың назары әннің мағынасы мен орындаудан бөлек, жас жігітпен бірге айтылған дуэтке ауды. Көпшілік оның қасындағы серіктесін – @amantai_aben деген парақшамен белгілеген жігітті бірден байқады. Бұл да әншінің жазуындағы: «Оқырмандарымның ойын сан-саққа жіберген жігітті белгілеп қояйын» деген жолмен үндесіп жатыр.

Көпшілік бұл дуэтті тек музыкалық жоба емес, маркетингтік жүріс деп те бағалап жатыр. Қоғамда «Мөлдір мен жас жігіттің арасындағы қарым-қатынас бар ма?» деген сұрақтар толастаған жоқ. Ал кейбірі мұны таза өнер ретінде қабылдап, әншіге сәттілік тілеген.

«Жаныыыым, нәп-нәзік даусыңнан айналдым, систер моя!», «Қайрат Нұртас из Пиндуодо ғой мынауың», «Дауыс, орындау — бәрі керемет! Тек алға!» – деп қолдау білдірушілер де жетерлік.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мөлдір Мұқан (@moldir.mt)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow