Астана маңына блокпосттар қойылып, діни нысандар бақылауға алынды

Маусым 27, 2024 - 16:15
Маусым 27, 2024 - 16:16
Астана маңына блокпосттар қойылып, діни нысандар бақылауға алынды

Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің өтуіне байланысты елорда төңірегіне блок- посттар қойылды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Елімізде, елордада геосаяси тұрғыда зор маңызы бар өте ауқымды саяси іс-шара өтетіндігіне байланысты қазіргі уақытта полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді", - деді ол Сенаттың жалпы отырысы аясында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар министрдің бірінші орынбасары елорда төңірегіне блок-посттар орнатылғанын айтты. Бірақ олардың санын айтудан бас тартты.

"Сондықтан да мұндай шаралар қолданылады. Бұл – Қазақстан тапқан дүние емес, халықаралық тәжірибе. Біз мұның бәрін ең алдымен халықтың қауіпсіздігі үшін жасаймыз. Мәртебелі меймандар, үлкен делегация келетіндігіне байланысты алдын ала ескертеміз. Стратегиялық мекемелер күзетке алынған. Көрші мемлекеттерде болған оқиғаларға байланысты жасақтарымызды діни және өзге де нысандарға жақындаттық", - деді Марат Қожаев.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow