Астанада көлік ұрлаған әйел видеоға түсіп қалды

Ұрыны іздеуге қалалық полицияның жеке құрамы жұмылдырылды.

Мамыр 23, 2024 - 14:35
 0  111
Астанада көлік ұрлаған әйел видеоға түсіп қалды
фото: pixabay

Астанада 32 жастағы әйел көлік ұрлап кетті. Оның әрекеті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

Байқоңыр аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны арызданды. Белгісіз біреу оның Seat Toleda маркалы көлігін ұрлап кеткен.

Ер адам от алып тұрған көлігін аулада қалдырды. Ал қайтып келгенде оны таппай қалды. Ұрыны іздеуге қалалық полицияның жеке құрамы жұмылдырылды.

Тергеушілер бейнекамераларды зерделеп шықты. Сол кезде көлік ұрлаған 32 жастағы әйелді анықталды. Ол ұрлаған көлігін Кравцов көшесінде тастап кетті.

Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды. Осы орайда полиция көлік жүргізушілерін қауіпсіздік шараларын сақтап, салонда кілтті қалдырмауға кеңес берді.

[23.05, 14:46] Шолпан әріптес: https://youtu.be/FzW53PidVYc?si=aeynIoWvwhAa89UR [23.05, 14:51] Шолпан әріптес:

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 2
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0