«Ата-аналар чатында Райм отырады»: Ерке Есмахан ұлына әке махаббатын сезіндірген күйеуіне алғыс айтты
Танымал әнші Ерке Есмаханның күйеуі RaiM әншінің бірінші некесінен туған үлкен ұлына көлік сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл жаңалықпен Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Міне, бүгін папасы Муслимге сыйлық жасап қуантты. Көлігің құтты болсын, балам. Ақылды жігіт бол. Үмітімізді ақта. Артыңнан ерген ініңе үлгі бол," - деп жазған әнші парақшасында."Біз шаңырақ көтерген күннен бастап, Райм Муслимнің баскетболға құлшынысын арттыра бастады, ағылшын тілін дамыту үшін Англияда оқытты. Муслимнің тұйық мінезін ашудың жолдарын іздеді. Денсаулығына, араласатын ортасына, үйдегі тәрбиесіне қатты мән береді. Тіпті мектебіндегі ата-аналар чатында Райм отырады. Ең бастысы, осы кезге дейін сезінбеген “әке махаббатын” сезіндірді. Кішкентайынан ата-әжесімен бірге болған бала қазір, Аллаға шүкір, “Папа, мама” деп, толыққанды отбасында өсуде", - деп жазды ол.
Әнші жұбайына алғысын білдіруді де ұмытпады. Тіпті сынып чатында Райм отыратынын айтты. Тұйық баласы Раймның оң қарым-қатынасы арқасында ашылғанын байқаған. Жұбайының қамқор әке екенін, бұрын сезіне алмаған әке махаббатын баласы Муслимге толық сезіндіре алып жатқанына қуанышты екені жазбасынан байқалады.
Еске салайық, жақында Ерке Есмаханның ұстазы сұқбат беріп, әншінің қандай оқушы болғанын айтып берген еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?