Атырау мұнай өңдеу зауытының директоры ауысуы мүмкін деген ақпарат тарады

Сәуір 9, 2025 - 10:44
Атырау мұнай өңдеу зауытының директоры ауысуы мүмкін деген ақпарат тарады

Атырау мұнай өңдеу зауытының ресми сайтында «AМӨЗ» ЖШС қатысушылардың кезектен тыс жалпы жиналысы шақырылып жатқаны туралы хабарлама пайда болды.

Кезектен тыс отырыс сырттай дауыс беру форматында өтеді. Ал кейбір дерек көздері отырыстың күн тәртібінде басшылықты ауыстыру мәселесі қаралуы мүмкін.

"Жалпы жиналыстың қарауына аса маңызды бір мәселе шығарылды:   АМӨЗ» ЖШС Бас директорының - Басқарма төрағасының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сайлау және өкілеттік мерзімін анықтау.

Осылайша, әңгіме зауыттың қазіргі басшысы Ғалымжан Жусанбаев туралы болып отыр. Ықтимал ротацияның себептері әзірге хабарланған жоқ. Алайда, мұндай хабарламаның ілінуі өзгерістер әзірленіп жатқанын көрсетеді", - деп жазады Ақжайық басылымы. 

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, дауыс беруге арналған бюллетеньдер қатысушыларға 8 сәуірде беріледі. Дауыс беруге 9 сәуірден кешікпей сағат 16-ге дейін дейін қатысу қажет.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow