Атырау облысында тәрбиеші мүгедектігі бар баланы аяусыз сабаған

Қазан 24, 2025 - 17:07
 0  24
Атырау облысында тәрбиеші мүгедектігі бар баланы аяусыз сабаған
Фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде тәрбиешінің өз қарауындағы баланы ұрып-соғып жатқан видеосы тарады. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Желіде тараған бейнежазбадан тәрбиешінің баланы ары-бері жұлқып, бірнеше рет қол жұмсағанын, басынан ұрғанын көруге болады. 

Полицияның дерегінше, бұл оқиға 2024 жылы болған. Алайда бұл жағдай туралы тек биыл 25 қыркүйекте ғана белгілі болды.

“Тәрбиешінің екінші топтағы мүгедектігі бар балаға күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаға қатысы бар адамдар мен куәгерлерден жауап алынып жатыр”, – деп мәлімдеді полиция.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0