Ауруханадан қашып кеткен сотталушы Түркістанда ұсталды
Түркістан облысының полицейлері ауруханадан қашып кеткен сотталушыны қолға түсірді, деп хабарлайды BAQ.KZ өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол Түркістан қаласында өз танысының үйінен ұсталған.
«Қазір ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды. Барлық мән-жайды анықтау мақсатында қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Оқиға 23 қазанда болған. Ер адам ем қабылдап жатқан медициналық мекемеден өз бетімен кетіп қалған. Оны ұстау үшін полицияның барлық жеке құрамы жұмылдырылып, бақылау бекеттері қойылды.
Бұған дейін бұл жағдай бойынша қызметтік тексеріс басталған еді. Тексеру нәтижесінде кінәлілерге қатысты ең қатаң шаралар қолданылатыны айтылды.
Сіздің реакцияңыз қандай?