Айгүл Қосанова неліктен өзінен 14 жас үлкен адамға тұрмысқа шыққанын айтып берді

Шілде 14, 2025 - 09:50
Айгүл Қосанова неліктен өзінен 14 жас үлкен адамға тұрмысқа шыққанын айтып берді
фото: видеодан скриншот

Дәстүрлі әнші, Қазақстанның халық әртісі Айгүл Қосанова "Мамский әңгіме" подкастына берген сұхбатында отбасылық өмірі туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әртіс 25 жасында неліктен өзінен 14 жас үлкен, бұрынғы некесінен екі баласы бар азаматқа тұрмысқа шыққанын түсіндірді.

«Бәрі керемет деп айта алмаймын. Қазақтың «тең-теңімен, тезек қабымен» деген керемет сөзі бар ғой. Осы мәселені негізі анам көп айтқан. «Есік көргенді емес, бесік көргенді ал» деген сөз бар. Менің тағдырым шығар, солай қабылдаймын. Өйткені кезінде бірге оқыған, қазір әріптес болып жүрген азаматтар: «бұрын сен бізге қарамайтын едің ғой деп жатады. Сол кезде қайда жүрдің десем, саған жақындау мүмкін болмайтын», - деп жауап береді. Өздері кішкене қорқақтық танытқан шығар, әйтпесе қыздың көңілінен шығудың жолдарын табуға болады ғой. Сөйлесуге болады. Осы тұрғыдан менің жолдасым пысықтау болды. Алдына мақсат қойып, дегеніне жетуге әрекет еткен шығар деп ойлаймын", – деп жауап берді Айгүл Қосанова.

Ол жас айырмашылығы отбасын құру кезінде қиындық тудырғанын жасырмады.

«Жас айырмашылығының өзіндік қиыншылығы бар. Артықшылығы да бар. Сондықтан өмірімде жолыққан адамды тағдырым деп қабылдаймын», - деп түйіндеді Айгүл Қосанова.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow