«Басына тимейді екен»: Гүлзира Айдарбекова Бағдагүл емшімен дауласты
Продюсер оның әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқанын айтты.
Әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова Бағдагүл емшінің концерттегі оқиғаға қатысты пікірін сынады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Продюсер оның әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқанын айтты.
«Бағдагүл сынықшы да «адам өлімі болды» деп таратумен болды. Одан бөлек видеомен желіге «жалмауыз» деп балағат сөздер салуы тым артық! Басына тимейді екен. Біреуді қаралаумен, мысқылдаумен, өсекке тоймады-ау. Көзбен көрмей тұрып, неге «адам қайтыс болды» деп елді теріс пікірге бұрып отырғаныңды түсінбедім. Оның үстіне, сторисіңде «жалмауыз» деп қарғағаның, өз балаңдай баланы осылай қорлағаның қаншалықты дұрыс деп ойлайсың?» – деді Гүлзира Айдарбекова», – деді ол.