«Бауырыма басқан бөлегім»: Тамара Асар ұлының қазасы туралы жазды

Қазан 13, 2025 - 09:08
«Бауырыма басқан бөлегім»: Тамара Асар ұлының қазасы туралы жазды
фото: әлеуметтік желіден

Әнші Тамара Асар жұбайының бірінші некесінен туған ұлының қазасына байланысты жазба жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Әнші жүректен шыққан өлең жолдарын жазып, ауыр қазаға байланысты елден келген көңіл айту сөздеріне алғысын білдірді: 

"Өндірдей болған өрен-ау,

Бауырыма басқан "бөлегім".

Құлағыңа сенің жетті ме,

 Қапыда шыққан өлең-ау?..

Жұртшылық келдің жиылып,

Жұбатып жаттың қиылып.

Жұмаштың парлап көз жасы,

Жүрегіме толды-ау құйылып.

Әлішер кеттің шалғайға,

Сен қайда бүгін, мен қайда?

Торқадай болып топырағың,

Иманың жолдас болғай да.

 Дұғада күнде отырмын

Талай да әлі оқырмын.

Қаңқу сөз "өгей" десе де,

Қайырын сұрап отырмын.

Әнші көпшіліктің қолдауына ризашылығын жеткізді:

«Қиындықта қасымызда болып, алыстан-жақыннан көңіл айтып, қиындық бөліскен әрбір жанға бас иіп, рақметімізді айтамыз. Алланың ісіне шара жоқ, артының қайырын сұраймыз. Құдайдан үмітіміз бар. Жақсы күндер көп болсын. Жастар аман болсын! Дұғадамыз!», - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow