«Бес адам қаза тауып, 11-і зардап шекті»: Қарағанды облысында автобус пен минивэн соқтығысты
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Бүгін Қарағанды облысының тас жолында жолаушылар автобусы мен көлік соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасаған sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Ведомствоның мәліметінше, кеше сағат 12:00 шамасында "Алматы-Екатеринбург" тас жолында Ақшатау кентінен 30 шақырым жерде Қарағанды қаласына қарай бағытта автобуспен "Тойота Естима" көлігінің қатысуымен жол көлік оқиғасы болды.
"Жол апатының салдарынан "Тойота Естима" автокөлігінің 4 жолаушысы және автобустың бір жолаушысы оқиға орынында қайтыс болды. Әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға 11 адам жеткізілді", - делінген ресми хабарламада.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
"Қарағанды облысының Полиция департаменті жүргізушілерден жол жүру ережесін қатаң сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауды сұрайды", - деп үндеу жасады тәртіп сақшылары.
View this post on Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?