«Дәстүрді мазақ қылу»: Жігер Ауыпбаев үйленемін деп сынға қалды

Сәуір 30, 2025 - 11:06
Сәуір 30, 2025 - 12:06
«Дәстүрді мазақ қылу»: Жігер Ауыпбаев үйленемін деп сынға қалды
фото: видеодан скриншот

Желіде Жігер Ауыпбаевтың екінші рет үйленгені туралы ақпар тарады. Алайда әншінің тойы жалған болып шыққан, — деп жазады ozgeris.info сайты.

Бұл туралы тележүргізуші Анна Данченко мәлімдеді.

«Сонша Қытайдан ұшып келген едім… Досым, ау, мынау қалай болды… Жігер… ПРАНК дейді, ал», — деп жазды ол.

Ал асаба Жандос Самалбеков беташардан үзінді жариялап, әншінің қара нәсілді қызға үйленгенін жазған.

Жігер Ауыпбаев болса, жалған тойына қатысты мәлімдеме жасаған жоқ. Осыған дейін желідегі парақшасында өзі үшін маңызды күн екенін жариялаған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow