«Уәде еткенімдей табыстадым»: Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа су жаңа көлік сыйлады (ВИДЕО)
Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген Алматыға оралған Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа уәде етккен су жаңа көліктің кілтін табыстады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
"Мишабай, аман есен елге жетуіңмен!Өзімнің атымнан ғана емес, сенің жеңісіңнен мерейі көкке көтерілген барша қазақстандықтардың атынан Hyundai Palisade автокөлігін уәде еткенімдей табыстадым. Саған мықты денсаулық, күш-қуат және жаңа рекордтар тілеймін. Ізгі тілекпен, Димаш Құдайберген", – делінген жазбада.
Қара түсті Hyundai Palisade ұлттық нақыштағы графикамен безендірілген. Көлік сыртында "Мишабай, жеңісің құтты болсын!" және "Қазақстан мақтанышы" деген жазулар бар.
Желі қолданушылары болса, Димаш Құдайбергеннің ел мерейін асқақтатқан спортшыға алғышқылардың бірі болып қолдау көрсеткеніне риза болып, шынайы тілектерін жарыса жазды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0