Головкинге жаңа атақ берілді

Сәуір 17, 2025 - 17:38
Головкинге жаңа атақ берілді
Фото: olympic.kz

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті алматылық студенттермен кездесті, деп хабарлайды sadaq.kz.

Геннадий Головкин өзінің тәжірибесімен және қазіргі қызметінің ерекшеліктерін бөлісті. ҰОК президенті халықаралық қатынастардың дамуы, спорттық бастамаларды ілгерілету және елдің халықаралық деңгейдегі имиджін нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

«Кездесу аясында Геннадий Головкинге КИМЭП университетінің Құрметті докторы атағы ресми түрде табысталды. Бұл атақ оның Қазақстанның халықаралық беделін нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін берілді», - делінген Ұлттық олимпиада комитетінің хабарламасында.

Халықаралық академиялық тәжірибеде мұндай құрметті дәреже қоғам, мәдениет және халықаралық байланыстардың дамуына айрықша ықпал еткен ерекше еңбегі үшін табысталады. Геннадий Головкиннің жетістіктерінің арқасында миллиондаған адам Қазақстанның құндылықтары мен әлеуеті туралы білді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow