Ирандағы жағдайдың ушығуына байланысты елімізден Таяу Шығысқа баратын рейстер тоқтатылды

Ақпан 28, 2026 - 15:29
 0  27
Ирандағы жағдайдың ушығуына байланысты елімізден Таяу Шығысқа баратын рейстер тоқтатылды
Фото: Air Astana

Ирандағы жағдайға байланысты Қазақстаннан Таяу Шығысқа бағытталған бірнеше рейс бағыттары 28 ақпаннан бастап тоқтатылды деп хабарлайды sadaq.kz. 

Air Astana әуе компаниясының 28 ақпанға жоспарланған Таяу Шығыс бағытындағы өзге рейстерді толықтай тоқтатты.

Ұшу әуежайларына оралатын рейстер:

  • KC263 Алматы - Медина,
  • KC897 Алматы - Дубай,
  • KC653 Алматы - Доха,
  • KC205 және KC207 Астана - Дубай рейстері.

KC899 Алматы - Дубай Делиге бағыт алды.

FlyArystan FS7617 Ақтау-Дубай рейсі балама әуежайға бағыт алды.

Air Astana жолаушылардан баратын әуежайларда ұшу және келу уақыттарының өзгеруі күтілетіндіктен, рейстерінің мәртебесін тексеруді сұрайды.

Джидда, Медина және Дубайға билеттерді 6 наурызға дейін сатып алу орнында қайта брондап, ақшасын тегін қайтаруға болады.

Естеріңізге сала кетейік, Америка Құрама Штаттары мен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастады.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0