«Ит талағандай»: Қызылордадағы балабақшада бір жарым жастағы қызды әлдекім тістелеп тастаған

Сәуір 30, 2025 - 15:51
Сәуір 30, 2025 - 16:29
«Ит талағандай»: Қызылордадағы балабақшада бір жарым жастағы қызды әлдекім тістелеп тастаған

Қызылорда облысында жекеменшік балабақшалардың бірінде сұмдық жағдай болды. Балабақшада кішкентай қыздың арқасын ит талағандай қылып тістелеп тастаған, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.

Сұмдық оқиға туралы ақпарат facebook желісінде тарап жатыр. Жазба авторының айтуынша, оқиға Шиелі ауданындағы “Раяна” деп аталатын балабақшада болған.

"Балабақшада кішкентай баланы 25 рет тістеген.
Шиелі ауданындағы “Раяна” атты балабақшада болған жағдайды ата-анасы жаңа ғана жіберді. Тәрбиешінің жауапсыздығынан болып отыр бұл жағдай. "Тәрбиешінің көмекшісі сыртқа гаршок төгуге кетіп, балалар жалғыз қалады, сол уақытта болған жағдай" депті балабақша басшылығы.

Бұл жағдайда "1,5 жасар қызды 1 жас 3 айдан асқан бала тістеді" депті. Кіттай ғана баланың 25 рет жалғыз өзі тістеп, осындай залал әкелуі қисынға соқпайды. Ана кіттай қыз қашып кете алмайтындай болып тұр ғой. Демек кемі 3-5 бала жабылып тістеген. Сағ 12:00 де болған бұл сорақылықты кешке дейін ата-анасына айтпау, алғашқы медициналық көмек көрсетпеу үшін қаншалықты жауыз болу керек?

Видеокамера болғанымен аяқ асты ашпай, істемей қалыпты. Істемейтін камера неге керек? Шиелі Ауданының Полиция Бөлімі сіздерге ата-анасы арыз тастады сол бойынша жұмыс жасауларыңызды сұраймыз. Камера жазбасын алыңыздар қалай да!

Осы жағдай болғанда тәрбиешінің өзі қайда? Көмекші неге тастап кетеді баланы? Негізі заң бойынша балаға тәрбиеші қарау керек, көмекші емес. Бұл 1-2 минутта болған жағдай емес, кемі жарты сағат уақыт алған. Сонда шырқырап жылаған балаға бір адамның келіп қарамағаны ма?

Ең сорақы жағдай Шиелі Аудандық Білім Бөлімі біздің жауапкершілікте емес деп отыр. Сонда кімнің жауапкершілігінде бұл балалар? Мемлекет емес па осы жеке балабақшаға ақша аударатын? Біздің дымымыз кетпейді дегендей бүлк етпей отыр. Қызылорда Облыстық Білім Кәсіподағы, Қызылорда Облысының Білім Басқармасы Қызылорда Қаласының Білім Бөлімі назарға алыңыздар. Шиелі білім бөлімінің шамасы жетпесе жеке балабақшаларға!

Балабақшаны толықтай тексеруге алсын. Осы іс бойынша ата-анаға тиісті көмек көрсетіліп, жауапсыз қызметкерлер орындарын босатсын!", - делінген Қазақтың Аружаны есімді  facebook қолданушысы.

Жазба желі қолданушылары арасында үлкен резонанс тудырып жатыр. "Ит талағандай қылып тістеп тастапты ғой, сұмдық!", "Қазіргі адамдар қатыгез мейрім жоқ. Біреудің баласы түгіл өз баласына қарамайды. Сол үшін балаларды бала бақшаға беріп керек емес!", Алла сақтасын! Сұмдық қой мынау! Балаларымыз жеке бала бақшаға барады", "Баланы жауапкершілік"ке алмаса несіне балабақша ол...", "Құдай сақтасын! Шырылдаған дауысын да естімей отыр ма сонда құлақтары . Шиеліге біраз жерге тексеріс керек жалпы" деп жазған желі қолданушылары. 

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow