Калифорниядағы орман өртінен қаза тапқандар саны 24-ке жетті

Қаңтар 13, 2025 - 12:37
 0  44
Калифорниядағы орман өртінен қаза тапқандар саны 24-ке жетті
AP Photo / Ethan Swope

Калифорниядағы өрт салдарынан 24 адам қаза тапты. Бұл туралы ABC News Лос-Анджелес округінің медициналық сараптама кеңсесінің есебіне сілтеме жасап хабарлады.

"Итондағы өртте 16 адамның және Палисейдстегі өртте сегіз адамның қаза тапқаны расталды", – делінген хабарда.

Айта кетейік, бұған дейін Лос-Анджелестегі орман өртінен мерт болғандар саны 16 адамға жеткенін жазған едік.

Калифорниядағы орман өрті мұнай мен газдың жеткізілуіне қауіп төндіреді.

Жұма күні кешке жергілікті билік өртке байланысты тұрғындар босатқан Тынық мұхиты Палифик-Палисейдс және Итон аудандарында сағат 18.00-ден таңғы 6.00-ге дейін коменданттық сағат жариялады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0