Қазақ футболшысы «Барселонамен» ресми түрде келісімшартқа отырды
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының 15 жастағы вингері Кәрім Меңдіқанов Испанияның әйгілі «Барселона» клубымен ресми түрде үш жылдық келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Осылайша, қазақстандық футболшы мансабын каталониялық клубтың атақты «Ла Масия» академиясында жалғастырады.
Бұған дейін Mundo Deportivo басылымы Кәрім Меңдіқановтың «Барселонамен» үш жылдық келісімге келгенін хабарлаған еді. Енді бұл ақпарат ресми түрде расталды.
«Өмір бойы жанкүйер болған клубыммен келісімшартқа қол қойғанымды мақтан тұтамын», – деп жазды Кәрім Меңдіқанов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Кәрім Меңдіқанов 2022 жылы Испанияға қоныс аударып, футболдағы жолын Каталонияда бастады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0