Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге көтерілуі мүмкін

Сәуір 14, 2026 - 16:51
chat_bubble  0 visibility  2
Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге көтерілуі мүмкін
Фото: Pixabay

Үкімет ең төменгі жалақының мөлшерін 150 мың теңгеге дейін көтеруді қарастырып жатыр. Бұл туралы журналистерге сұхбат берген ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин мәлімдеді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Министрлер кабинеті халықтың табысын арттыру бойынша кешенді шараларды әзірлеуге кірісті. Соның ішінде ең төменгі жалақыны көтеру де бар.

"Қазір ең төменгі жалақының мөлшері 85 мың теңгені құрайды. Ал әлемдік тәжірибе бойынша оның көлемі медиандық жалақының 50 процентіне тең. Бізде медиандық жалақы – 302 теңге. Бұл дегеніміз, біздің міндетіміз – алдағы уақытта ең төменгі жалақыны 150 теңгеге дейін жеткізу", - дейді Амрин.

Оның айтуынша, барлығы республикалық бюджетке түсетін қаржының көлеміне байланысты. Егер кіріс көп болса, ең төменгі жалақыны көтеруге қаржылық мүмкіндік болады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0