Қазақстандық спортшы конькимен жүгіруден әлем чемпионы атанды

Ақпан 27, 2026 - 22:36
 0  1
Қазақстандық спортшы конькимен жүгіруден әлем чемпионы атанды
Фото: ҰОК

Қазақстандық конькимен жүгіруші Кристина Шумекова жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарып, ел қоржынына алтын медаль салды, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Отандасымыз 500 метр қашықтықта 38.48 секунд нәтиже көрсетіп, жеке рекордын жаңартты және жарыстың жеңімпазы атанды.

Күміс жүлдені канадалық Джулия Снелгров иеленді – 38.78. Үздік үштікті польшалық Виктория Дабровска түйіндеді – 38.96.

Бұл қашықтықта Қазақстан намысын қорғаған өзге спортшылар да жарыс жолына шықты. Анастасия Беловодова 12-орын алса, Варвара Глухова 13-сатыға тұрақтады. Алина Шумекова 30-орын, ал Айзада Рымбек 54-орын көрсетті.

Әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы сапында он спортшы өнер көрсетуде.

Бүгін басталған жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 1 наурыз мәресіне жетпек. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0