«ҚазТемірТранстың» бұрынғы вице-президентіне халықаралық іздеу жарияланды

Сәуір 14, 2026 - 16:47
chat_bubble  0 visibility  0
«ҚазТемірТранстың» бұрынғы вице-президентіне халықаралық іздеу жарияланды
Фото: qamqor.gov.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі «ҚазТемірТранс» АҚ-ның бұрынғы вице-президенті Азамат Қапеновке қатысты тергеу жүргізуде. Оған 5,2 млрд теңге залал келтірді деген айып тағылып, халықаралық іздеуге жарияланды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

«ҚазТемірТранс» АҚ-ның бұрынғы вице-президенті А.А.Қапеновке қатысты қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану және ақша қаражатын жымқыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Тергеу амалдарына сай, А.А. Қапенов қызметтік жағдайын пайдалана отырып, жүк вагондарын басқару қызметтерін көрсету кезінде байланысы бар компанияларға заңсыз артықшылықтар жасаған, - деп хабарлады ҚМА.

Салдарынан «ҚазТемірТранс» АҚ-ға 5,2 млрд теңгеден астам мөлшерде залал келтірілген.

Қазіргі уақытта А.А. Қапенов халықаралық іздеуге жарияланған. Сотпен оған қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.

Келтірілген залалды өтеу және заңсыз алынған активтерді қайтару мақсатында Бас көлік прокуратурасы «Достық» станциясындағы терминалды сотқа дейін тәркілеу туралы өтініш жолдаған. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының қаулысымен аталған мүлік мемлекет кірісіне өткізілді, - делінген хабарламада.

Тергеу жалғасуда.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жариялауға жатпайды.

 Айта кету керек, мүлікті тәркілеу Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасын іске асыруға ықпал етеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0