Халықаралық іздеуде жүрген блогер Қайсар Қамзаға қатысты істің мән-жайы белгілі болды
Қаржылық мониторинг агенттігі белгілі қазақстандық блогер Қайсар Қамзаға халықаралық іздеу жариялады. Ведомство оның себебін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі 1995 жылғы 18 қыркүйекте туған Қазақстан азаматы Қайсар Қамза Бақытжанұлына неліктен халықаралық іздеу жарияланғанын айтты.
Ведомство мәліметінше, сот оған қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкцияланған.
"Ол заңсыз ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдікке ілінді. Күдікті 5 жыл бойы Instagram желісінде, qais_arr атауымен (2,4 млн жазылушысы бар) белсенді блогерлік қызмет жүргізіп, сондай-ақ Telegram-дағы "Қора энтертейнмэнт" жабық арнасын (368 мың жазылушысы бар) басқарған. Күдікті желілердегі жеке аккаунттарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін "Pinco" сайтында тіркелуге және құмар ойындарға қатысуға бағытталған тікелей сілтемелерді, графикалық элементтерді және үндеулерді қамтитын бейнематериалдар мен жазбаларды жүйелі түрде жариялап отырған. Сонымен қатар бейнероликтердің астында пайдаланушыларға бонус беретін жеке промокодын көрсеткен", - дейді агенттік өкілі.
Осылайша Қайсар Қамза азаматтарды құмар ойындарға тартуға бағытталған онлайн-платформаны жарнамалап, ойын платформасынан сыйақылар, бонустар немесе пайыздық аударымдар түрінде табыс алып отырды деген күдікке ілінді.
ҚМА дерегіне сүйенсек, заңсыз жолмен алынған кірістерді жасыру мақсатында күдікті криптоәмиянды пайдаланған. Оған "Pinco" интернет-казиносының ұйымдастырушыларынан төлемдер түсіп отырған.
Сот санкциясымен 182 736,741 USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды. ҚМА өкілдері іздеуде жүрген блогердің жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтарға оны Қаржылық мониторинг агенттігіне келесі байланыс нөмірі арқылы хабарлауды сұрайды: Кезекші бөлім: +7 7172 70 84 78
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0