Қоғам Әлішер Кәрімовке Халық әртісін берген биліктің шешімін түсінбей жатыр

Кеше Президент Тоқаевтың Жарлығымен мәдениет саласының бірқатар өкілі мемлекеттік наградаға ие болды. Олардың қатарында әнші Әлішер Кәрімов те бар.
Алайда, қазақтілді орта Әлішер Кәрімовке «Халық әртісін» берген биліктің шешімін түсінбей жатыр, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.
Көбі «Халық әртісі» сахнаға ондаған жыл еңбегі сіңген, халық жүрегінде айрықша орны бар тұлғаларға ғана берілетін биік мәртебе екенін жазған.
Мәселен, Тортуыл Шоқан есімді facebook қолданушысы Ерлан Төлеутай, Қадырғали Көбентай сынды тұлғалардың ескерусіз қалғанын айтады.
«Астанада марапат жауып жатыр.
Балаева бекіткен тізімдегі марапат иелерінің лайықтысы да, лайықсызы да Тоқаевтың қолын кезекпен алды.
Арасында «Қазақстан халық әртісі» атағын алған әнші
Әлішер Каримов та бар.
Жә, қазақ өнерінде өзіндік орны бар белгілі өнертанушы Ерлан Төлеутай Каримовтен кем бе?
Мысалы, әнші, сазгер, актер Қадырғали Көбентай жасы 60 қа жақындасада не атағы, не үйі, не күйі жоқ, неге?
Өйткені бұлар билікке, оның жағымпаз жандайшаптарына жағына алмайды.
Бір кереметі, мұндай адамдар адамдар жиіркенішін туғызбайды.
Халықтың берген атағына ары мен ұятын, өнері мен өнегесін төрт тағаны етіп, өмірін сүре береді...», - дей ол.
«Әлішер Каримов - Қазақстанның халық әртісі дейме?!
Қазақтың қара өлеңінің қара нарлары қайда қалды сонда?
Халық әртісінің құны кетіпті ендеше...», - деп жазған Нұрбол Қанағат есімді facebook қолданушысы.
“Қазақстанның халық әртісі” атағын Әлішер Кәрімов алыпты. Не дейін!», - деп Дина Елгезек те өкінішін білдірген.
Айтпақшы, Каримовтың атағы Мәжіліс депутаттарын да толғантып өткенге ұқсайды.
Мәжіліс депутаты әрі айтыскер ақын Ринат Зайыт 21 мамыр – Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған марапаттау рәсімінен кейін өзінің көңіл-күйін жасыра алмады. Ол бұл жайтқа байланысты пікірі мен ренішін әлеуметтік желіде арнайы жазған өлең жолдары арқылы жеткізді.
Зайытовтың жазбасынан байқауға болатындай, ол осы салаға еңбегі сіңген, бірақ көпшілік назарынан тыс қалып жүрген нағыз мамандардың емес, керісінше танымалдылығы басым кей адамдардың марапатталғанына көңілі толмағанын аңғартады.
Ақын бұл жағдайды «қазақ мәдениеті үшін жартылай қайғылы күн» деп бағалап, қоғамға ой салатын өткір жыр жолдарын жариялады.
О,сұмдық-ай…
О, құрғыр.
Көншір ме екен көңіл бір.
Қай залымның кеңесі?
(Даттау сөзге көмілгір)
Айналама қарасам,
Аспаным да көгілдір,
Жастарым да ‘ көгілдір”
Қолын бұлғап қарсы алған,
Арманым да көгілдір,
Шымшық құсап ән салған
“Тарланым” да “ көгілдір “
Тіс қайрауда, шара жоқ
Үндемейсің…
Өмір-бұл!
Сіздің реакцияңыз қандай?






