Қоғамдық орындарда ниқаб киетіндерге жаза қолданылатын болды

Желтоқсан 3, 2025 - 16:17
 0  2
Қоғамдық орындарда ниқаб киетіндерге жаза қолданылатын болды
Фото: ғаламтордан

Мәжіліс депутаттары қоғамдық орындарда бетті жауып тұратын, адамды тануға кедергі келтіретін киім (ниқаб) кигені үшін әкімшілік жаза қарастырылатын «Құқықбұзушылық профилактикасы туралы» жаңа заңды екінші оқылымда қабылдады, деп жазады Sadaq.kz.

Заңда құқықбұзушылық профилактикасы жүйесі кеңейтіліп, профилактика субъектілерінің саны 13-тен 26-ға дейін артады. Оған отбасын қолдау орталықтары, мобильді топтар, қамқоршылық органдары, БАҚ, жастар ісі жөніндегі орталықтар, уәкілетті органдар және кәсіпкерлер кіреді.

ҚР Парламенті Мәжілісі баспасөз қызметінің мәліметінше, профилактика моделінің өзі қайта қаралады. Енді оған жалпы, жеке және арнайы шаралар енгізіледі.

«Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулерде қоғамдық орындарда бетті жауып тұратын, тануға кедергі келтіретін киім (ниқаб) кигені үшін әкімшілік жаза қарастырылған. Құқықбұзушылық үшін бірінші рет ескерту жасалады, қайталанған жағдайда 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Заңға қайшы контентті жариялағандар мен таратқандарға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бұзушылықтардың себебін жою туралы нұсқауларын қасақана орындамағандарға қатысты жауапкершілік енгізіледі.

Табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша азаматтық қорғаныс шараларын орындамағаны үшін мемлекеттік лауазымды тұлғалар мен жергілікті билік органдарына жаңа жауапкершілік түрлерін көздейтін түзетулер енгізілді. Енді Төтенше жағдайлар министрлігі мұндай адамдарды жауапкершілікке тартуға құқылы»,-делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0