Қонақ үйде мұғалімімен ұсталған оқушы 10 адамды өлтірген лаңкестің қызы болып шықты

Мамыр 20, 2025 - 20:54
Қонақ үйде мұғалімімен ұсталған оқушы 10 адамды өлтірген лаңкестің қызы болып шықты

Алматы облысындағы «У Розы» қонақ үйінде түнгі сағат 03:00-де ұсталған оқушы — Алматыда 10 адамды, оның ішінде сегіз полицейді өлтірген Руслан Күлекбаевтың қызы екені белгілі болды.

Orda.kz редакциясының дереккөзінің хабарлауынша, қыз 2011 жылы туған. Ол Алматы облысындағы мектептердің бірінде 2025 жылдың 26 ақпанына дейін оқыған.

«26 ақпаннан бастап анасы Алматы қаласының Алмалы ауданына жұмысқа ауысуына байланысты қызын өзімен бірге жаңа мектепке ауыстырды. Анасы мен Руслан Күлекбаев 4–5 жыл бұрын ажырасқан. Қазір әкесі түрмеде», – деді дереккөз.

Еске салайық, осыдан тоғыз жыл бұрын Руслан Күлекбаев Алматы көшелерінде 10 адамды, негізінен полиция қызметкерлерін атып өлтірген. Ол мүлкі тәркіленіп, өлім жазасына кесілген. Алайда өлім жазасына жарияланған мораторийге байланысты өмір бойына бас бостандығынан айырылған.

Еске салсақ, Алматы облысындағы қонақ үйлердің бірінде 14 жасар қызды зорлады деген күдікпен үйірме жетекшісі ұсталды. 6 мамырға қараған түні Өтеген батыр ауылында орналасқан қонақ үйде шамамен сағат 03:00-де рейд кезінде 2011 жылы туған мектеп оқушысы мен оқушылар сарайында домбыра үйірмесінде сабақ беретін ұстаз ұсталды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow