«Көріпкел айтты»: Ұлықпан Жолдасов ұзын шашына қатысты құпияны ашты (ВИДЕО)

Мамыр 21, 2025 - 12:29
«Көріпкел айтты»: Ұлықпан Жолдасов ұзын шашына қатысты құпияны ашты (ВИДЕО)
Фото: әлеуметтік желі

Белгілі әнші Ұлықпан Жолдасов «КешREC» бағдарламасында ұзын шашының құпиясы туралы айтты, деп хабарлады sadaq.kz.

Өнер иесі мойнында алақанның көлеміндей қара қал болғанын айтты.

«Шашым ақырындап түсіп жатыр. Түсіп қалады толық жақында. Ауыстырып қайтемін?! Жалпы менің мойным ұзын. Мойнымда алаққанның көлеміндей қал тұр. Оның өзіндік тарихы бар.

Кезінде анам құрбысымен емші көріпкел және құмалақ ашатын Аюп деген атамызға барып, «құрбыма құмалақ ашып бер» деп өтінген. Сол кезде атамыз анама қарап, «құмалақ сенің құрбыңа емес, саған түсіп тұр» деген. Кейін «Сенің кішкентай балаң бар екен. Үйге барған соң, мойнында, желке тұсында ақ қал болуы тиіс, қара!  Болса жеті мүшесінің біреуі кем болады, бірақ аман болады. Ал егер болмаса – қауіп. Мал сойып, садақа беріп, бірдене қыл» дейді екен.

Сосын далада ойнап жүрсем, мамам айғайлап шақырып алды. Жасым ол кезде 5-те болатын. Кейін «бар екен» жібере салды. Күнде таңертең 5-6-да оятып, тұрығызып алады. Қаламмен қалымды сызады. Сызғанда орны қарая береді. Қарайып-қарайып жоғалып кетеді. Содан қалған дақ бар. Соны шашыммен жабамын. Кейін 3-сыныпта қолымды сындырдым. Қазір қолым қатты бүгілмейді. Сөйтіп қысқарып қалған. Осы қолмен әскерге де барып келгенмін», - деді өнер иесі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «Хабар» телеарнасы (@khabartv)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow