Қуандық Бишімбаев жұбатып отыр: Шәріп Серік сотқа арыз түсірді

Шәріп Серік өзінің көңіл қосқан құрбысын ұрып, видеосы тарап кеткеннен кейін басы дауға қалған еді. Сол оқиғадан кейін әлеуметтік желіде оны әжуалап түсірген, Қуандық Бишімбаевтың оны жұбатып отырған видеосы тараған еді. Видео жасанды интеллект көмегімен жасалған, деп жазады turkystan.kz.
arma_mvp атымен тіркелген желі қолданушысы ол видеороликті «Кез-келген жағдайда жаныңда сені қолдайтын адам болуы керек» деген жазбамен жариялаған. Актер бұл роликті өзін әжуалау деп түсініп, әрі әділетсіз деп санап, полицияға жүгінген.
«Бүгін маған Алматының Аудандық ішкі істер бөлімінен хабарласты. Шәріп Серіктің менің үстімнен жалған ақпарат таратқаным туралы арыз жазғанын айтты. Не ойлайсыздар? Мұнда қылмыс құрамы бар ма? Сұхбатты көрдіңіздер ғой», - деп жазған Threads желісінде ролик авторы. Ол қоғамдағы кез-келген зорлық-зомбылықты қолдамайтынын жеткізді.
Сіздің реакцияңыз қандай?






